Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сот сараптамасының нәтижесіне қарай» - Шавкат Рахмоновтың әйелінің ендігі тағдыры белгілі болды

17:22, 17 желтоқсан 2025

Шавкат Рахмоновтың отбасы қатысқан жол апатына қатысты істің тағдыры жақын арада белгілі болады, деп хабарлайды Alash.kz.

UFC файтері Шавкат Рахмоновтың әйелі биыл 27 шілдеде өз көлігімен жол-көлік апатына түскен. Қайғылы оқиға салдарынан көлікте болған екі әйел адам оқиға орнында көз жұмған. Ал спортшының әйелі мен ұлы түрлі жарақат алған.

Аталған жол апатына қатысты қылмыстық істі қазіргі таңда Ішкі істер министрлігі тергеп жатыр. Бүгін Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов тергеудің келесі кезеңіне өтуге дайындық жүріп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы сот сараптамасының қорытындысы жақын күндері дайын болады.

«Осы аптада біз соңғы сот сараптамасының нәтижесін аламыз. Сол сараптаманың қорытындысына қарай, іс прокуратураға, ары қарай сотқа кетеді», – деді Санжар Әділов.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты жаз мезгілінде Алматы – Екатеринбург тас жолында болған. Апат кезінде көлікте болған екі әйел адам мерт болып, Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы жарақат алған. Тергеу нәтижесі аталған істің құқықтық бағасын айқындайтын болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар