12 наурызда Астанадағы сот азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы "өлтірді" деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың айыптау бабын "Аса қатігездікпен адам өлтіру" бабынан "Абайсызда адам өлтіру" бабына ауыстырудан бас тартты.
Істі қарап жатқан судья Бишімбаевтың істі алқабилер соты қараса деген өтінішін ғана қанағаттандырды. Бұдан бөлек, судья айыпталушы адвокаттарының мына талаптарын орындаудан бас тартты:
- Кейбір дәлелдерді істен алып тастау,
- Қайта комиссиялық экспертиза мен криминалистикалық зерттеу жүргізу,
- Тергеу экспериментін жүргізу,
- Банктерден Бишімбаев пен Нүкенованың есепшоттарын сұрату,
- Нүкенованың әкесінің психиатриялық есепте тұрған-тұрмағанын тексеру.
Бұған қоса, сот іс сотқа түскен уақыттан бастап Бишімбаевтың қамаудағы уақытын алты айға созды. Соттың келесі отырысы 27 наурызда өтеді.