АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен маңызды телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Бұл — Ақ үй өкілі мәлімдегендей, Мәскеу мен Киев арасындағы бейбіт келіссөздерге серпін беруге бағытталған әкімшілік тарапынан соңғы талпыныс.
Бұл туралы The Wall Street Journal мәлімдеді.
Трамп Ресей президенті Владимир Путинге қоңырау шалмас бұрын Украина президенті Владимир Зеленскиймен де сөйлескен.
Басылым мәліметінше, Трамп Зеленскиймен алдын ала келісу мақсатында хабарласып, Путинмен не туралы сөйлесу керектігін сұраған.
Зеленский Трампқа Путинді 30 күнге атысты тоқтатуға көндіру, алдағы уақытта Зеленский мен Путиннің қатысуымен кездесу ұйымдастыру және АҚШ Украинаға қатысты ешқандай шешімді Киевтің қатысуынсыз қабылдамайтынын растау қажеттігін айтқан.
Бұл туралы WSJ дереккөзі хабарлаған.
Ақпарат көздерінің айтуынша, Украина мен АҚШ президенттері арасында тағы бір телефон арқылы сөйлесу жоспарланған.