Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Соңғы он күн қатты есейтіп жіберді: Айгүл Иманбаева анасы туралы сырды ашып, жылап қалды

17:16, 23 қазан 2024 8295

Әнші Айгүл Иманбаева “Төрлетіңіз” бағдарламасында өмірінің қиын кезеңі туралы айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

"Балаға ең бірінші мотивацияны анасы береді екен. Бала күнімде өте тентек болып өстім. Қыз болып қуыршақ ойнамағанмын. Сондай төбелестің бірінде мұрнымның үстіне тыртық түсті. Бала болсам да ұялып, көп көзіне түсе бермейтінмін. Сол кезде анам: “Сен жоғалып кетсең, мен тез тауып аламын. Тыртық – сенің ерекшелігің. Ондай ешкімде жоқ” деді. Содан бері ол тыртықтан ұялған емеспін. Биыл анамның анализдерінен ақаулар шығып, Стамбұлға медициналық тексертуге апардым. Бүкіл ғұмырым көз алдымнан өте шықты. Мәңгілік жүретін сияқты сезілетін. Осы тексеруге апарғанда көп дүниені бастан өткеріп, сабақ алдым. Осы сапар 10 күннің ішінде көп жасқа есейтіп жіберді", – дейді әнші

Әкесінің соңғы рет концертте болғанын айтып көзіне жас алды.

“Әкеммен 40 жылдан кейін араластық. Қалай әкемнің батасын алдым, солай тұрмысқа шықтым. Әлемге көп жол ашылды. Лондонға кетер алдында әкем концертке келді. Сонда айтылған барлық сөз алғашқы және соңғысы болыпты. Сол концерттен кейін үш айдан соң әкем қайтыс болды. Әкемнен кешірім сұрап үлгердім. Ол кісінің батасын алдым", – деді өнер иесі. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар