Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Солтүстік Корея Ресейге қосымша әскер жіберуі мүмкін

16:10, 26 маусым 2025 55

Солтүстік Корея шілде мен тамыз айларында Украинадағы соғысқа қатысу үшін Ресейге қосымша әскер жіберуі мүмкін. Бұл жөнінде Оңтүстік Корея парламенті өкілдерінің сөзіне сүйенген Reuters жазды, деп хабарлайды Alash.KZ. 

Оңтүстік Корея барлау қызметінің деректеріне сүйенген парламент өкілдерінің бірі Ли Сон Гвон Reuters-ке Ресей Украинада ірі шабуыл жасауға дайындалып отырғанын айтқан.

Олар сонымен бірге Солтүстік Кореядағы әскер қатарына шақыру басталғанын және Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгудың Солтүстік Кореяға жуырдағы сапарын да атап өтеді.

Тараптар өзге жайттармен қатар Украинадағы ахуал мен былтыр маусымда қол қойылған жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімнің жекелеген пунктерін талқылаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар