Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Солтүстік аймақтарға көшкен қазақстандықтар неге жерсінбей жатыр?

10:48, 14 желтоқсан 2025

Оңтүстіктен солтүстікке 66,2 мың адам көшіп, оның 3,6 мыңы кері қайтқан, деп жазады Alash.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта ішкі көші-қонның көрсеткіштерін атады.

— Ұлттық статистика бюросының 2025 жылдың 9 айдағы деректері бойынша 1 326 мың адам қоныс аударды. Оның ішінде облыстар арасында 619 мың адам қоныс аударған. Бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңінен 22,7% жоғары (1 080 мың адам). Бүгінде ерікті түрде қоныс аудару тетігі оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірлерге еңбек ресурстарын қайта бөлуге және жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге бағытталған негізгі шаралардың бірі болып тұр. Мәселен, бағдарлама басталған кезден бері солтүстік өңірлерге 66,2 мың адам қоныс аударды. Оның 3,6 мың адамы немесе 6%-ы қайтып оралды, — деп жазылған ресми мәліметте.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар