Сыртқы істер министрлігі соғыс аймағында жүрген Қазақстан азаматтарын отанға қайтару бағытында Ресей тарапымен әртүрлі деңгейде белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.
Сондай-ақ отандастарымызды елге аман-есен қайтарудың бұған дейінгі тәжірибесіне тоқталған министрлік өкілдері бұл мәселенің аса маңызды екенін алға тартып:
«Тексеріс аяқталғаннан кейін тізім Ресей тарапына жіберіледі», — деп мәлімдеді.
Бүгінгі таңда ведомствоның жедел желісіне азаматтардан өтініштер толассыз түсуде. Ресми мекеме мамандары әлеуметтік желіде бұған дейін видеоүндеу жариялаған отандастарымызды қоса алғанда, әрбір азаматтың жағдайын жеке тексеріп, ақпаратты нақтылап жатыр.