Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Соғыстан қашқан Ресей қарулы күштерінің қызметкері Қазақстанда ұсталды

13:44, 18 мамыр 2024 993

Астана қаласында ресейлік әскери тергеушілер әскерден қашқан РФ азаматын, РФ қарулы күштерінің бұрынғы қызметкері Камил Қасимовты ұстағаны хабарланды. Оның ағасы және қазақстандық құқық қорғаушы Артур Алхастовтың мәлімдеуінше,  растаған ол 23 сәуір күні жұмыс орнында ұсталған, деп хабарлайды Аlash.KZ ұлттық порталы Ulysmedia.kz порталына сілтеп. 

Istories.media жариялаған ақпаратқа сәйкес Камил Касимов Қарағанды облысында орналасқан Ресей әскери бөлімшесінің аумағында жөнелтілген. Ұсталғаннан кейін Приозерск қаласындағы осы бөлімшеге алып келген. Оған Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 338-бабы бойынша айып тағылды. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Еске сала кетейік, Касимов Украинамен соғысқа қатыспау үшін 2023 жылдың маусым айында Қазақстанға қашып кеткен. Құқық қорғаушылар мен Касимовтың отбасы оны Ресейге заңсыз әкетіп, соттауы мүмкін деп қорқады. Қазақстан заңнамасы бойынша әскери қылмыстар экстрадицияланатын баптарға жатпайды.  

Орайы келгенде айта кетейік, бұған дейін, 2023 жылдың желтоқсанында Ресей әскери күштері Арменияда дезертир Дмитрий Сетраковты ұстап алып, оны Ресейге алып кетті. Сәуірде ресейлік қауіпсіздік күштері Арменияда дезертир Анатолий Щетининді ұрлап әкетуге тырысты, бірақ ел билігі бұған жол бермеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар