Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сізден бәрі қатты қорқады". Ресейлік блогер Виктория Бонян Путинге үндеу жолдап, қысым көріп отырмын деп мәлімдеді

20:34, 17 сәуір 2026

Әлеуметтік желілерде ресейлік блогер әрі тележүргізуші Виктория Бонянің Владимир Путинге жолдаған үндеуі қызу талқыланып жатыр, деп жазды Alash.kz. 

Бейнеүндеуінде блогер мемлекет басшысына жететін ақпараттың бұрмаланатынын айтып, оның себебін айналасындағылардың шындықты айтудан қорқатынымен байланыстырған. Сондай-ақ ол Дағыстандағы су тасқыны, Анапа қаласындағы экологиялық ахуал және интернеттің шектелуі сияқты өзекті мәселелерді көтерген.

Осыдан кейін Боня өзіне Ксения Собчакнің командасы қысым жасап жатқанын, тіпті оны жағымсыз қырынан көрсету үшін сұхбатқа ақша ұсынып отырғанын мәлімдеді. Алайда Собчак бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Әлеуметтік желіде кең тараған видео 1,3 миллион лайк пен 700 мыңға жуық пікір жинап, ақыры Кремльдің назарына ілікті. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков аталған үндеумен билік өкілдері танысқанын растап, көтерілген мәселелердің үкімет деңгейінде қаралып жатқанын айтты.

Бұл жағдай аясында Ресейдегі интернетке қойылатын шектеулер де қайтадан қызу талқыға түсті. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жаһандық желіге қол жеткізу үшін VPN қызметтерін тіпті кейбір депутаттардың өзі де қолдануға мәжбүр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар