Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сирек құбылыс - Оңтүстік Африкада қар жауды (Видео)

13:13, 12 маусым 2025 224

Оңтүстік Африка Республикасында ауа райының күрт нашарлауына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Елдің бірқатар өңірлерінде қалың қар жауып, нөсер жауын салдарынан су тасқыны болды. Табиғи апат салдарынан 49 адамның қаза болғаны хабарланды, деп жазады Alash.KZ. 

Шығыс Кап провинциясында тасқын мектеп автобусын ағызып әкетіп, бірнеше бала көз жұмды. О. Р. Тамбо ауданында және Ист-Лондон қаласына жақын жерде де адам өлімі тіркелді. Жүздеген көлік жолда тұрып қалды, электр жарығы жаппай сөнді.

Маусым – бұл өңірде қыс мезгілі болғанымен, мұндай ауқымды табиғи құбылыстар сирек кездеседі. Мамандар мұны климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

23 бала көз жұмды

15:47, 12 маусым 2025 194