Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің жұбайы Дарико Хасанғалиева ел алдына шығып, көптің ықыласына бөленді. Бұл туралы продюсер Альбина Қапсәлім желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
"Ескірмеген махаббат әнін білмейтін қазақ жоқ шығар... Өйткені шынайы махаббат ешқашан ескірмейді – жылдар өткен сайын тереңдеп, бекіп, мағынасы арта береді. Нәзік сезім мен ғашықтықтың символына айналған, Ескендір Хасанғалиев атамыздың музасы, өмірлік жары болған Дарико апайымызды жаңа жылымен құттықтап, арнайы амандасып, батасын алып қайттық. Дарико апай - сабыр мен сұлулықтың, нәзіктік пен парасаттың үйлескен көрінісі. Нағыз "әйелдік сұлулықтың эталоны" деген ұғымды тірі бейнемен дәлелдейтін асыл жан. Осындай аналардың батасы - ұрпаққа аманат, жүрекке жарық", – деп жазды Альбина Қапсәлім.