Елге белгілі әнші Индира Расылхан жеке өмірінде болған қиындықтар мен діни-психологиялық мәселері туралы айтты, деп жазады Alash.kz.
Журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында әнші ішкі сезімдері мен өз-өзіне қол салмақ болған кезеңдері туралы баяндап берді.
Ішімде, ойымда тек қана бірқалай ауыртпалық салмай, кетсем екен деген сияқты ой болады да… “Қазір… Өзімді ваннаны толтырып, тұншықтыра салсам ба екен… Тамырымды кесе салсам, ол жеңіл болар ма екен” деген сияқты. “Болмаса, дәрілерді іше салсам, ұйықтап қалып, түк білмей кете салсам… Болмаса, биіктен секіріп кетсем” деген сияқты нәрселер болады. Попытка болған жоқ емес. Болды. Ваннада өзімді тұншықтырып көргем бір рет. Сол кезде мамам, қыздарым бәрі көз алдыма келді. Соңғы сәтте бір атып шықтым да, “мен не істеп жатырмын” дедім.