Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бұрын әйелін өлтірген спортшы тағы да әйел ұрған” - СҚО-дағы сұмдық туралы жаға ұстатарлық дерек шықты

17:10, 06 қаңтар 2026

Солтүстік Қазақстан облысында бұрын әйелін өлтіргені үшін сотталған кәсіби спортшы тағы бір әйелге қол көтеріп, жауапкершілікке тартылды. Алайда тараптардың татуласуына байланысты ол бұл жолы да нақты жазадан сытылып кетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Айта кетейік, 2020 жылы Есіл ауданында орын алған қайғылы оқиға бүкіл елді дүр сілкіндірген болатын. Түрлі чемпионаттардың жеңімпазы, палуан спортшы өзінің 29 жастағы әйелін екі кішкентай баласы мен қарт анасының көзінше аяусыз соққыға жығып, мерт қылған еді. Ол кезде кінәлі тұлға 6 жылға бас бостандығынан айырылғанымен, жазасының тек 2 жылын ғана өтеп, мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шыққан.

2025 жылдың соңында аталған азаматтың үстінен кезекті рет тергеу амалдары басталды. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам қоғамдық орында (дүкен ішінде) оны балағаттап, шашынан жұлқылап, күш көрсеткен. Сот бұл әрекеттерді әкімшілік құқық бұзушылық емес, қылмыстық сипаттағы “бұзақылық” бабына жатқызды.

Дегенмен, сот процесі барысында тараптардың өзара бітімге келуіне байланысты іс тоқтатылды. Осылайша, ауыр қылмысы үшін тиісті жазасын толық өтемеген «асүй боксшысы» тағы да заң алдында жауап беруден құтылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар