Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жұмысынан жібермей қойған”: Кентаудағы жарылыстан қаза тапқан 18 жастағы студент қыз жайлы тың дерек шықты (ВИДЕО)

16:47, 06 қаңтар 2026

Түркістан облысы, Кентау қаласындағы қоғамдық тамақтану орнында болған жарылыс пен одан кейінгі өрт 18 жастағы қызметкердің өмірін қиды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қайғылы оқиға 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні болған. Туыстарының айтуынша, газдың иісі шығып тұрғанына қатысты шағымдар болғанына қарамастан, бойжеткенді жұмыстан жібермеген. Қауіп туралы бірнеше адам бірдей ескерткен көрінеді. Қаза тапқан азаматша аталған мекемеде бір айға жуық уақыт жұмыс істеген және колледждің екінші курс студенті болған.

Төтенше жағдай салдарынан тағы төрт адам түрлі жарақат алды. Зардап шеккендердің екеуі қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.

Марқұмның жақындары кінәлі тұлғаларды қатаң жазалауды талап етуде. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар