Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Асқар Мұстабеков Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

16:03, 06 қаңтар 2026

Асқар Мұстабеков ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - делінген Ақорданың хабарламасында.

Бұған дейін, 2024 жылдың қаңтарынан бастап, А. Мұстабеков Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметін атқарған болатын. Оған дейін аталған оқу орны бастығының оқу жұмысы және оқу-әдістемелік басқармасына жетекшілік ету жөніндегі бірінші орынбасары лауазымында болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар