Шымкентте екікештің арасында, қала ортасында ер адамды көліктің артына басып салып ұрлап алып кетті.
Оқиға қаладағы Тұран 2 шағынауданында болған.
Оқырманымыз жіберген видеодан үш ер адамның бір кісіні көліктің артына күштеп мінгізгенін көруге болады.
Көп ұзамай күдіктілер ұсталды
Полиция мәліметінше, көлік табылып, екі күдікті ұсталды. Күдіктілер тергеу изоляторына қамалды. Ал ұрланған адам айғақ беріп жатыр екен.