ШҚО әкімдігі орынбасардың ұсталғаны туралы ақпаратты растаған жоқ, деп хабардайды Alash.kz ұлттық порталы.
Интернетте Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Алайда өңірлік әкімдік бұл мәліметті растаған жоқ.
Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, аталған ақпараттың ресми дәлелі жоқ. Сондай-ақ шенеуніктің қазіргі уақытта денсаулығына байланысты демалыста екені айтылды.
Жақсылық Омармен телефон арқылы байланысу мүмкін болмаған. Дегенмен 11 ақпанда оның Instagram парақшасында өңірдің әлеуметтік саласының жұмысы және 2026 жылға арналған жоспарлар бойынша өткен жұмыс кеңесіне қатысты жазба жарияланған.
Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне 2025 жылғы 7 сәуірде тағайындалған.