Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шұңқырға құлап, аяғын сындырған". Петропавлдық әйел сот арқылы әкімдіктен моральдық өтемақы өндіріп алды

18:50, 16 мамыр 2026

Петропавл қаласында көшедегі қауіпті аумақтың қоршалмауы салдарынан әйел адам жарақат алып, кейін сот арқылы әкімдіктен моральдық өтемақы өндіріп алды. Бұл туралы Alash.kz агенттігі хабарлайды.

Оқиға былтыр тамыз айында болған. Әйел кәмелетке толмаған баласымен қала көшелерінің бірінде жүріп келе жатқан кезде тротуар шетіндегі шөп басып кеткен, су жиналған шұңқырға құлап кеткен. Аталған аумақта ешқандай қоршау мен ескерту белгісі болмаған.

Салдарынан әйелдің табан сүйегі сынып, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келген. Ол ем қабылдап, белгілі бір уақыт еңбекке жарамсыз болып қалған.

Кейін жәбірленуші жауапты мемлекеттік органға сотқа дейінгі тәртіппен жүгінген. Алайда шұңқыр жабылғанымен, моральдық өтемақы төлеуден бас тартылған.

Іс Петропавл қаласының №2 сотында қаралды. Сот барысында аталған аумақтың күтіп-ұстау міндеті қала әкімдігіне қарасты мекемеге тиесілі екені анықталды.

Сот шешімінде жол және жаяу жүргіншілер аймағының қауіпсіздігі тиісті деңгейде қамтамасыз етілмегені, соның салдарынан жәбірленуші жарақат алғаны көрсетілді.

Нәтижесінде сот талап арызды қанағаттандырып, әйелдің пайдасына моральдық зиян өтемақысын және сот шығындарын өндіру туралы шешім шығарды. Апелляциялық сот та бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар