Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шулап, тыңдамай қойған, кедергі келтірген". Алматылық мұғалім сабақ үстінде оқушыға бор лақтырған

19:02, 24 желтоқсан 2025

Алматы қаласындағы мектептердің бірінде сабақ кезінде мұғалім тәртіп бұзған оқушыға бор лақтырған. Оқиғадан кейін баланың анасы полицияға арыз жазды. Бұл туралы Alash.kz хабарлайды.

Мектеп қызметкерлерінің айтуынша, оқушы бірнеше рет жасалған ескертулерге қарамастан сабақ барысында шулап, тәртіп сақтамаған. Бір сәтте мұғалім оған бор лақтырған. Бор баланың құлағына тиіп, оқушы жылап жіберген. Осыдан кейін ол анасына хабарласқан.

Баланың анасы мектепке келіп, мұғалімнің үстінен ресми арыз түсірген.

Оқиғадан соң мұғалімнің әріптестерінің бірі әлеуметтік желіде видео жариялап, қазіргі таңда оқушылардың тәртіпке бағынуы қиындағанын, мұғалімдердің сөзі өтпейтінін айтты.

«Бала сабақта шулады, әріптесім оған бор лақтырған. Бор баланың құлағына тиген. Қазір мұғалімді түсініктеме жазуға мәжбүрлеп, жұмыстан шығармақ. Бұл не деген жағдай?» – дейді видеода.

Сонымен қатар видеода мұғалімдерге ата-аналар, оқушылар және мектеп әкімшілігі тарапынан қысым күшейгені, соның салдарынан жұмыс істеу қиындап бара жатқаны айтылған.

«Біз ата-аналарға да, балаларға да, басшылыққа да қарсы сөз айта алмаймыз. Кейде мұғалім мамандығының қадірі төмендеп бара жатқандай әсер қалдырады», – дейді ұстаздар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар