Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шүкір! Жұғысты болсын”: Дариға Бадықова көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

22:00, 26 шілде 2026

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол «Мәриям» қорына хабарласып, есту қабілеті төмен әрі сөйлеу мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптылардың балалы болуына қолдау көрсеткен.

Алғашқы жүктілік сәтсіз аяқталғанымен, дәрігерлер үміт үзбей, ем-шараны жалғастырған. Нәтижесінде отбасы көптен күткен сәбиін бауырына басты.

«Балалы болдық. Адамның бір керегіне жарау, қуанта білу, қиналса қолтығынан сүйеу, менің жүрегіме қатты жақын. Ақ көңіл, ішкі мәдениеті жоғары, адамдарды, көргенде елжіреп кетемін. Пайдалы бол, бола алмасаң кедергі жасама дейтін сөзді көп естідім. Рас! 2025 отбасын қуантқым келіп, Мәриям қорына хабарласқан, есту қабілеті төмен, сөйлей алмайтын, жанұяға балалы болуларына көмек бердім. Біріншісі түсік болды... Дәрігерлер болмады деп жібере салмай, қайта емдеп, бар күшін салды! Бесінші «подсадкадан» көтерді. Білікті маман деген осы болар. Міне, бір отбасы балалы болды, шүкір. Қуандым. Марқайдым. Шүкір дедім», - дейді актриса.

Дариға Бадықова мұндай игі іске атсалысу өзіне ерекше қуаныш сыйлайтынын айтып, бала сүюді армандаған жандарға көмектесу мақсатында тұрақты түрде қайырымдылық жасап тұратынын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар