Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.
Песковтың айтуынша, Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа «арнайы әскери операцияның» барысы туралы егжей-тегжейлі баяндаған.
Оның сөзінше, Киевтің қазіргі ұстанымына байланысты қақтығысты тоқтату әзірге мүмкін емес.
«Киевтің қазіргі ұстанымын ескерсек, қақтығысты уақытша тоқтата тұру мүмкін емес. Біз үшін ең басты шарт - алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізу», – деді Владимир Песков.
Сондай-ақ Песков Ресей Сыртқы істер министрлігі соғысты тоқтату шарттарын екі жыл бұрын жариялағанын еске салды.
«Бұл – түсінікті әрі дәйекті шарттар. Егер Киев тиісті шешімдер қабылдаса, мұның бәрі бүгін күн соңына дейін тоқтауы мүмкін», – деді ол.