Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Анамыз бата берді. Ұзату тойы өтеді. Жұғысты болсын”: Мақпал Жүнісова қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

14:05, 26 шілде 2026

Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі туған бауырының қызы Ақеркенің ұзату тойынан кадрлар жариялап, жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайларға ақ тілегін арнады.

“Ақерке қызымызды шаңырағынан Бекдәулет ата-анасымен келіп алып кетті. Анамыз бата берді. Кешке мейрамханада ұзату тойы өтеді, баршамызға жұғысты болсын", - деп жазды Мақпал Жүнісова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар