Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Не үшін орынбасарына айыппұл салынды?»: Ұлттық банк төрағасы күтпеген мәлімдеме жасады

19:54, 24 шілде 2026

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов өз орынбасары Әлия Молдабековаға не себепті айыппұл салынғанына қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Аталған қаржылық реттеуші орган басшысының сөзінше, мұндай шараның қолданылуына қызметкерлерге олардың лауазымдық нұсқаулықтарында қарастырылмаған тапсырмаларды орындағаны үшін берілген 150 мың теңге көлеміндегі сыйақы себеп болған. Бұл олқылықты Жоғары аудиторлық палата тексеру барысында анықтағаннан кейін, Ұлттық банк ішкі нұсқаулықтарды тәртіпке келтіріп, төленген сыйақы сомасын мамандардың жалақысынан кезең-кезеңімен ұстау арқылы кері қайтарды.

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Жоғары аудиторлық палата тарапынан берілген нұсқаманы белгіленген мерзім ішінде орындап үлгермегенін мойындады. Ол соттың тиісті шешімі заңды күшіне енген бойда айыппұлды толық өтеп, жүктелген нұсқаманы орындайтынын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар