Франция мен Испанияда орман өрттеріне байланысты 80 мыңға жуық адам эвакуацияланды, деп жазды Alash.kz.
Франция мен Испанияда ауқымды орман өрттері жалғасып жатыр. DW агенттігінің мәліметінше, табиғи апат салдарынан екі елде шамамен 80 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Испанияда Мадридтің батысындағы ірі өрттерге байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Қауіпті аймақтан 20 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланып, жалын 125 мың гектардан астам аумақты шарпыды.
Ал Францияда 60 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ең күрделі жағдай Жиронда департаментінде қалыптасқан. Мұнда өрттің ең ірі ошағын ауыздықтау жұмыстары жалғасуда.
Франциядағы өртпен күреске халықаралық көмек те тартылды. Хорватия, Португалия, Чехия және Словакия өрт сөндіру авиациясын жіберді. Сонымен қатар, Франция бір ұшуда 20 тоннаға дейін су тастай алатын Airbus A400M әскери-көлік ұшағын өрт сөндіру жұмыстарына пайдалануға дайындап жатыр.