Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні Омбы қаласына барады, деп жазды Alash.kz.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.
Сонымен қатар, форум барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің екіжақты кездесуі жоспарланған. Кездесуде Қазақстан–Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен өңіраралық байланыстарды дамыту бағыттары талқыланады деп күтіледі.