Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мөлдір Мұқанның қызы Айару Тұрсынбекқызы әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде айтқан пікірі үшін сынның астында қалды, деп жазады Alash.kz.
Айару эфир барысында өзіне жағымсыз пікір жазатындарға жауап беріп, оларды «ауылдан шыққан адамдар», «колхоз» деп сипаттады.
«Маған жаман пікір жазатындардың бәрі ауылдан шыққан деп ойлаймын. Өмірде ештеңеге қол жеткізбеген адамдар. Ал мен 14 жасымда жақсы билеймін, коньки тебемін, футбол ойнаймын. Сендер осылардың бірін істей аласыңдар ма? Мүмкін, физикалық тұрғыдан емес шығар, бірақ өздеріңді ауылдан шыққан адамдар сияқты ұстайсыңдар. Тіпті “колхозсыңдар” деуге болады», – деді ол.
Бұл сөздер әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік Айарудың ауыл тұрғындарына қатысты айтқан сөзін орынсыз деп бағалап, оған және ата-анасына сын айтты.
Пікір қалдырушылардың арасында: «Сенің әкең мен шешең де ауылдан шыққан», «Қызға ескерту жасайтын ата-анасы жоқ па?» деген сияқты пікірлер жиі кездесуде.
Қазіргі уақытта Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқан бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.