Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қысым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты уақытша тоқтата тұруды ұсынды

18:45, 25 шілде 2026

Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты «Ыстамбұл формуласы 2.0» негізінде тоқтатуды ұсынды, деп жазды Alash.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуде Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығысты тоқтатып, келіссөздер процесіне қайта оралуды ұсынды.

Мемлекет басшысының айтуынша, қақтығысты уақытша тоқтатып, 2022 жылы Ыстамбұлда өткен келіссөздердің нәтижелеріне сүйенетін «Ыстамбұл формуласы 2.0» нұсқасын қарастыруға болады.

«Мүмкін, бұл қақтығысты уақытша тоқтатып, Стамбұл формуласы 2.0-ге қайта оралу керек шығар. Өйткені сол кезде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілген еді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қазақстан бірнеше рет Ресей мен Украина арасындағы соғысты дипломатиялық жолмен шешуді қолдайтынын мәлімдеп, келіссөздер жүргізуге қолайлы алаң ұсынуға дайын екенін білдірген.

 
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар