Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен бейбіт келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.
Бұл туралы Владимир Зеленский белгілі америкалық блогер Лора Лумерге берген сұхбатында айтты.
Әңгіме барысында Лора Лумер Украина президентінен Ресеймен бейбіт келісімге Ақ үйдің Овал кабинетінде қол қоюға қаншалықты дайын екенін сұрады.
"Иә, мен дайынмын. Мен президент Дональд Трампқа әрдайым АҚШ-қа, Овал кабинетіне немесе Мар-а-Лагоға келуге дайын екенімді айтып келдім. Бәрі президент Трампқа байланысты", - деді Владимир Зеленский.