Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Биологиялық анам… ДНҚ… Сол күні босанған”: Жәнібек туған анасы жайлы тың дерек айтты

15:32, 26 шілде 2026

Арқалықта дүниеге келіп, кейін бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек желідегі парақшасында жазба жариялады, деп жазады Alash.kz.

Ол биологиялық анасын іздеу жұмыстарының әлі де жалғасып жатқанын айтты.

"Сәлем, қымбатты отбасым! Қалдарыңыз қалай? Жазды қалай өткізіп жатырсыздар, қандай жоспарларыңыз бар? Биологиялық анамды іздеуім әлі де жалғасып жатыр. Егер бөлісуге болатын жаңа ақпарат пайда болса, міндетті түрде сол туралы да жарияланымдар жасаймын", - деп жазды Жәнібек. 

Жазба астында желі қолданушыларының бірі іздеу жұмыстарына қатысты пікір білдіріп, сұрақ қойды.

"Қалайша, кішкентай қаладан анасы табылмады? Іздеу жұмыстары дұрыс жүргізілмеді. Барлық сол күні туылған балалардың аналарының ДНҚ тексеру керек еді", - деп жазды оқыиман.

Жәнібек оқырманның пікіріне жауап беріп, сол күні босанған барлық әйелден ДНҚ алу мүмкін емес екенін түсіндірді.

"Сәлеметсіз бе, Рахима. Көмегіңізге көп рақмет. Өкініштісі, сол күні босанған барлық әйелден ДНҚ алу мүмкін емес. Бірақ қазір бізде маңызды мәліметтер бар. Жариялауға рұқсат берілсе, міндетті түрде сіздерге айтамын", - деп жауап берді Жәнібек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар