Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі туған бауырының қызы Ақеркенің ұзату тойынан кадрлар жариялап, жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайларға ақ тілегін арнады.
“Ақерке қызымызды шаңырағынан Бекдәулет ата-анасымен келіп алып кетті. Анамыз бата берді. Кешке мейрамханада ұзату тойы өтеді, баршамызға жұғысты болсын", - деп жазды Мақпал Жүнісова.