Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: “Қазақмысқа” қарасты шахта опырылып, 7 адам қаза тапты

08:19, 18 ақпан 2025 552

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Жомарт" кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ресми мәліметті ТЖМ жариялады.

"Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-не тиесілі кеніштен жеті қызметкердің денесі табылды. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Қайтыс болған жеті жұмысшының денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар