Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл! Қаралы хабар жетті! Парламент депутаты өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды (ФОТО)

12:10, 20 тамыз 2025 437

Финляндия парламентінің ғимаратында 30 жастағы депутат Эмели Пелтоненнің өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Iltalehti газетінің дерегінше, оқиға – депутаттың суициді. Парламенттің қауіпсіздік қызметінің басшысы Ааро Тойвонен Yle тілшісіне берген сұхбатында бұл ақпаратты жоққа шығарған жоқ.

Құқық қорғау органдары қылмыс белгілері анықталмағанын мәлімдеді. Оқиға орнында бірнеше полиция жасағы мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Финляндия парламенті жазғы демалыста. Күзгі сессия 2 қыркүйекте басталады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар