Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл! Атырау облысында 15 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті

10:25, 05 қараша 2025 184

Атырау облысының Құлсары қаласында 15 жастағы Жұлдызай Мұсағалиева жоғалып кетті, деп хабарлайды Alash.kz

Полицияның мәліметінше, қыз 24 қазан күні сағат 17:00 шамасында үйінен шығып кеткен, содан бері байланысқа шықпаған.

Жұлдызай үйден шыққанда үстінде қара жейде мен шалбар, аяғында ақ аяқ киім болған. Қолында қоңыр түсті сөмке және iPhone 11 телефоны болғаны айтылады.

Қазір іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары қыз туралы қандай да бір ақпарат білетін куәгерлерден 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар