Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: Әскерге шақыру жасын өзгертуге петиция жарияланды. Қол қоясыз ба?

14:48, 12 қыркүйек 2024 731

Қазақстанда әскерге шақыру жасына байланысты петиция жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Петиция epetition.kz сайтында пайда болды. Құжат авторлары әскерге 20 жастан бастап шақырудың бірнеше себебін атаған: 

  • Психологиялық және физикалық тұрғыда жетілу

- Білімін жалғастыру

- Дезертирлік (әскерден қашу) пен құқықбұзушылық деңгейін төмендету

- Әскери дайындық сапасын жақсарту

- Психологиялық зерттеулер бойынша, жасы есейген кезде әскерге баратын жастардың әскерден қашу деңгейі азаяды

- Өзге елдердегі практика, мысалы, Швеция, Германия, Швейцария мен Австрияда әскерге 19-20 жастан бастап шақырылады. 

"Әскерге шақыру жасын 20 жасқа дейін көтеру әскери қызметтің тиімділігін арттырып, жас азаматтардың мүддесін қорғап, Қазақстанның қорғаныс жүйесінде оң өзгерістерге әкелетініне сенімдіміз. Осы өтінішті қарап, міндетті әскери қызметке шақыру жасын өзгерту бойынша тиісті шаралар қабылдауыңызды сұраймыз", - делінген құжатта.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар