Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: Антикордың бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу басталды

11:59, 06 қыркүйек 2025 380

Бас прокуратура экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қожамжаровқа тергеп-тексеру басталғанын хабарлады, деп жазды Аlash.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар