Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: Ақжарқын Тұрлыбай Астанадағы изоляторға ауысты ма? Бас прокуратура жауап берді

17:01, 24 шілде 2024 731

Бас прокуратура Қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайды Қытайдан Қазақстанға қайтарды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Press.kz редакциясында Ақжарқын Тұрлыбайдың Астана қаласындағы тергеу изоляторында (СИЗО) екендігі туралы ақпарат түсті.

Алайда,халықаралық құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығының міндетін атқарушы Қытайдың Тұрлыбайды Қазақстанға жазасын әрі қарай өтеу үшін экстрадициялаудан бас тартқанын еске салды, себебі ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Қазіргі уақытта ол әлі де ҚХР-да.

«Ақжарқын Тұрлыбайдың жазасын әрі қарай Қазақстанда өтеу мәселесін шешу жұмыстары жалғасуда», - делінген ресми сұрауға берілген жауапта.

Еске сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында Малайзияға ұшып кетпек болған кезде ұсталған болатын. Оның жүгінен есірткі табылған. Қызды есірткі контрабандасы үшін айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Тұрлыбайдың туыстары оның жаңа досы - Нигерия азаматының қызды алдап соққанына сенімді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар