Алматы қаласындағы №1 қалалық клиникалық аурухананың жанынан жалаңаш әйелдің мүрдесі табылды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Алматыдағы №1 қалалық клиникалық аурухананың маңынан киімсіз әйелдің денесі жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция табылған мәйіттің тексеріліп жатқанын хабарлады.
Полицияның хабарлауынша, зорлық-зомбылық белгілері жоқ адамның денесі табылғаннан кейін қылмыстық іс қозғалған.
Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.