Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ШҚО-да жасөспірім қыздар оқушыны тізерлетіп, ұрып, бопсалаған (ВИДЕО)

17:17, 08 қазан 2024 838

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында жасөспірімдер арасында түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Alash.kz порталы Madeniportal.kz сілтеме жасап.

Оқушыны бопсалап тұрған үш қыздың бірі видео түсіріп тұр. Қалған екеуі темекі тартып, қызға аузына келгенін айтып, тіл тигізді. Олардың бірі қызды бірнеше рет бетінен ұрып жіберді.

Видеодан оқушы қыздың “қыздар, ұрмаңдаршы, өтінемін” деп жалынған даусын естуге болады. 

Жасөспірімдер қызды тізерлеп кешірім сұрауға мәжбүрлеп, 20 мың теңге ақша беруге міндеттеді. 

“Ертең екеуің 10 мың теңгеден 20 мың теңге қосыңдар. 20 мың теңге Kaspi-де тұратын болсын”, – деп оқушы қыздың жанындағы құрбысын меңзеді.

Жергілікті полиция болған жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. 

“Жанжалға қатысы барлардың бәрі анықталды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер ата-аналарымен полицияға жеткізілді. Сондай-ақ барлық құқық бұзушылардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жауапкершілігі қарастырылады. Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолдауға материал дайындалып жатыр”, – деп мәлімдеді полиция. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?