Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ШҚО әкімдігінде ауыс-түйіс: Облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

13:27, 09 қыркүйек 2026

Айдар Садырбаев Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

«Президент Әкімшілігінің келісімі және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың өкімімен Садырбаев Айдар Серікқазыұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды», – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бүгін аймақ басшысы жаңа орынбасарын ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Садырбаев Айдар Серікқазыұлы – 1986 жылы 25 қыркүйекте бұрынғы Семей облысы Жаңасемей ауданы Новопокровка ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Тарих» мамандығы бойынша тамамдап, еңбек жолын 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылының орта мектебінде мұғалімдік қызметтен бастаған.

Әр жылдары Бородулиха ауданы мен Семей қаласының ішкі саясат бөлімдерінде нұсқаушы, жетекші және бас маман, басшының орынбасары, басшы, Семей қаласы әкімінің орынбасары, «AMANAT» партиясының облыстық филиал төрағасы, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында ішкі саясат басқармаларының басшысы қызметтерін атқарды.

Айдар Садырбаев жаңа қызметінде өңірдің әлеуметтік блогына, ішкі және ақпараттық саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар