Белгілі заңгер Мейірман Шекеев спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонованың ісіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.
Заңгер өз сөзінде жұптың әлі ажырасу үстінде екенін айтты.
Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайымның ісі абайсызда болды. Мен істің бәрін зерттедім ғой. Жолда келе жатады. Рөлге ие бола алмайды. Аударылады. Салдарынан екі адам қайтыс болады. Біреуі - өзінің туған әпкесі. Екі жәбірленуші де кешірім береді. Соған қарамастан, 5 жыл берді. Ол кезде оның аяғы ауыр болды. Аллаға шүкір! Жақында ғана қызды болды. Енді, отбасы деп қарайықшы. Кез келген отбасыда түсініспейшілік болып жатады. Шавкатты жаман жігіт деп те айтпаймын. Екеуі де жаман емес. Шавкат маған жұмысыма келді. Оған өзі ағалық ақылымды айттым. Бір рет татуласқандай болды. Енді, не болып жатқанын білмеймін. Шыны керек. «Әйел адам. Жүкті. Ондай кезде мінез-құлқы өзгереді» деп ақылымды айттым. Гүлайымның айтуы бойынша, туысқандары араласты дейді. Мен әлі күнге дейін бұларды жақсы көріп кете ме деген үміттемін. Өйткені, жақында ғана қызды болды. Қыз - әкесіне ең жақын адам. Шорт кесіп айтатын ештеңе жоқ! Заңды түрде ажырасып біткен жоқ. Ажырасуға арыз берді. Кейін екеуі татуласып, арыздарын қайтарып алдық. Қазіргі таңда сол сатыда. Отбасы болғандықтан неше түрлі жағдай болады.