Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шолақайдағы қылмыс: Облыс әкімдігі мәлімдеме жасады

05:56, 01 тамыз 2022 252


Жетісу облысының әкімдігі Панфилов ауданы Шолақай ауылында орын алған оқушы қыздың өліміне байланысты мәлімдеме жасады. Әкмідіктің баспасөз хатшысы аталған жайт ұлтараздық сипатқа ие емес екендігін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.



“Бүгінгі күні қылмысқа қатысы бар, бұрын сотталған 38 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның үстінен кәмелет жасына толмаған қыз баланы зорлау және өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.




Полиция тарапынан тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмысын мойындаған күдіктіге заң аясында қатаң жаза қолданылатын болады.

Ал жекелеген әлеуметтік желілерде қыз баланы ұлты басқа бірнеше азамат зорлап өлтірген деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл жерде ұлтаралық мәселенің де еш қатысы жоқ. Қазір Панфилов ауданында жағдай тұрақты. Облыс әкімшілігінің, құқық қорғау органдарының бақылауында”, - деді Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы - баспасөз хатшысы міндетін атқарушы Думан Алтынбекұлы.

Еске салсақ, Жетісу облысы Панфилов ауданында жантүршігерлік қылмыстың беті ашылды. 15 жастағы оқушы қызды ауылдың 38 жастағы тұрғыны зорлап, артынша өлтіріп, денесін өртеп жіберген. Аталған жайтқа байланысты елдімекенге күштік құрылымдар тартылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар