Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкенттік жүргізуші 20 жастағы қызды қағып кетті. Бойжеткен қаза тапты

09:27, 16 тамыз 2024 250
15 тамыз күні Шымкент қаласы, Жәнібеков көшесінде қайғылы жағдай болды. Көлік тізгіндеген азамат бойжеткен қызды қағып кетті. Амал нешік, салдарынан бойжеткен қыз жан тапсырды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
 
Шымкент қаласында ширығуы адам өлімімен аяқталған жол апаты болды.

Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, 20 жастағы қызды қағып кеткен.

Zakon.kz редакциясы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне ресми сауал жолдаған. Сауалға жауап төмендегідей берілген:

"Жол апаты салдарынан 2004 жылы туған жаяу жүргінші қатты жарақаттанып, алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", - деп жауап берді департамент.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жол-көлік оқиғасының барлық жағдайларын анықтайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар