Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шиеленістің одан әрі ушықпағанын атап өтті”. Тоқаев Қатар Әмірімен телефон арқылы не туралы сөйлесті?

23:58, 24 маусым 2025 227

Қазақстан Президенті Қатар Мемлекетінің Әмірімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргідей қиын-қыстау жағдайда еліміз Қатар халқын қолдайтынын жеткізді. 

Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің саяси көрегенділігінің арқасында шиеленістің одан әрі ушықпағанын атап өтті. Сонымен қатар парасатты басшысы бар Қатар елі аймақтағы ең күрделі мәселелерді шешуде айрықша рөл атқаратынына назар аударды. 

Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыруға уағдаласып, Қатар Әмірінің алдағы уақытта елімізге жоспарланған сапарын талқылады”,- делінген ресми хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар