Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шешім қабылдадым”: Елдос Сметов спорттық мансабын аяқтай ма?

09:24, 06 қыркүйек 2026

Дзюдодан Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов алдағы жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Дзюдошы 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысатынын мәлімдеді.

«Төртінші Олимпиадаға баруға мүмкіндік бар. Осы мүмкіндікті барынша пайдалану үшін үлкен спорттағы мансабымды жалғастыру туралы шешім қабылдадым. Қазақта «Алтын шыққан жерді белден қаз» деген сөз бар. Менің өмірімде, менің саламда алтын шыққан жер – спорт, оның ішінде дзюдо. Дзюдода мен қолданатын әдістер бар – оны бір рет болсын, екі рет болсын қолданамын. Бұл жерде алтын бар, мен оны соңына дейін алуым керек. Маған тиесілі, маған қажет алтынды алуым керек. Өйткені мен ол үшін алтыннан да қымбат дүниені беріп жатырмын. Ол – менің денсаулығым», – деді Елдос Сметов Ақырыс Сейітқазының YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар