Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шекараны жабуға негіз жоқ"

09:23, 21 қыркүйек 2022 164
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым бүгін жалпы отырыстан кейін соңғы кездегі саяси жағдайларға қатысты тілшілердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz. 


Тілші: Путин Ресейде ішінара мобилизация жариялады. Бұл жағдай Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?




Айдос Сарым: Көршіңнің үйі өртенсе, жақсы емес қой. Бұл да сондай жағдай. Кешегі Мемлекеттік думаның қабылдаған шешімі бір күннің ішінде Ресейдің биржасын бір триллион рубльге әлсіретті. Қазақстан Ресеймен бірге кедендік одаққа мүше. Екінші мәселе — мобилизация басталған соң, әскерге жарамды деген азаматтар бытырап қашуы мүмкін. Сол кезде шекарадағы қауіпсіздікті күшейтуге тура келеді. Бірақ шекараны жабуға негіз жоқ.




Тілші: Шекараны жабуға еш негіз жоқ деп есептейсіз бе?




Айдос Сарым: Егер шекараға қару ұстаған қарақшылар, қылмыскерлер ұрлыққа келсе, онда бұл мәселені қарастыру керек.




Тілші: Басқа қандай қауіп көресіз?




Айдос Сарым: Егер Ресейдегі жағдай тым ушығып кететін болса, онда елдің ыдырауы деген мәселе көтерілуі мүмкін. Қазақта "жау жоқ деме, жар астында" деген мақал бар. Шын мәнінде есі дұрыс мемлекет сыртқы елдердің берген кепілдігіне сенбеуі керек. Қазақстан да еңбектеніп жатыр. Мысалы, Қостанайда жаттығулар өтуде.




Тілші: Қытай президентінің Қазақстанға келуіне қатысты не айтасыз?




Айдос Сарым: Бұл біздің көпвекторлы саясат ұстануымызға пайдалы. Сосын маған Си Цзиньпиннің (ҚХР төрағасы- ред) Қазақстан туралы сөзі ұнады. Қазақстан жайлы әлемдік саясаткерлер олай айта бермейді. Бұл Батыс елдеріне де, Ресейге де сигнал деп ойлаймын. Осы кезеңге дейін еліміздің Қытаймен қарым-қатынасы бізді біраз қателіктен сақтап қалды. Біріншісі — Қырымды мойындау, екіншісі — Абхазия мен Осетия мойындау. Өйткені бір одақтамыз бізді қолдаңдар деген кезде Қытайдың позициясы көмекке келді.




Тілші: Кеше Қайрат Сатыбалдының соты басталды. Сонда "Қазақтелеком" мен "Көліктік сервис орталығы" медиацияға келгенін айтып, істі жеңілдетуді сұрады. Бірақ кейібір заңгерлер мұндай айыптаулардың медиацияға келмейтінін айтып жатыр. Бұған не дейсіз?




Айдос Сарым: Бұл ауыр айыптау ғой. Заңгерлер содан нан тауып жүр, жақсырақ білуі тиіс. Ал депутат ретінде сот жүріп жатқан тұста пікір білдіре алмаймын.




Тілші: Қайрат Сатыбалдының сотында судья видео мен аудио жасауға тыйым салды. Бәлкім, осыған қатысты заңды өзгертетін уақыт келген шығар...




Айдос Сарым: Қазіргі заңда жазылғаны сотқа қатысып жатқан тараптар бірауыздан ашық немесе жабық өткенін қаласа, судья солардың өтінішін қанағаттандырады. Көптеген іс бар. Педофилия болуы мүмкін. Түсінгенім, Сатыбалдының ісінде прокуратура да, Қайраттың өзі де және "Қазақтелеком" секілді компаниялар бірауыздан қолдаған соң, жабық өткізуге шешім қабылданды. Сіздерге соттың аяқталғанын күту керек. Кейін әр тараптың авдокатын ұстап, пікірлерін аларсыздар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Сирия үшін дау

20:41, 07 желтоқсан 2024 251