Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шашын жұлып тастаймын!". Жанар Айжанова қазақтың еркектері туралы орынсыз пікір айтатындарды батыл сынап, ашық айқасқа шықты

10:11, 12 шілде 2026

Танымал әнші Жанар Айжанова ұлттық құндылықтар мен қазақ жігіттері туралы пікір білдіріп, оларды орынсыз сынайтындарға қарсылығын жеткізді, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында студия қонағының «қазақ жігіттері маған сөз айтуға қорқады» деген пікіріне жауап берді.

«Қазақтың жігіттері туралы ешқандай жаңсақ пікір айтушы болма! Қазақтың жігіттері – намысшыл, жігерлі, ақылды. Мен қазақ жігіттері туралы жаман сөз айтатындарды жек көремін. Айналамда қандай мықты қазақтың жігіттері бар.

Төсіңді жалаңаштап, ел алдына шыққаныңды әлдеқандай етпе. Сен сияқты қыздардан, әрине, жігіттер қорқады. Басқа қан араласқан екен деп, қазақтың барлық жігіттері туралы бос айта берме. Қазақтың еркектері туралы анау-мынау дейтіндердің шашын жұлып тастаймын!» – деді Жанар Айжанова.

Әнші сөз соңында қазақ жігіттерінің ешкімнен кем емес екенін айтып, олардың абыройына нұқсан келтіретін жалпылама пікірлермен келіспейтінін жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар