Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Шар тиіп кетті деп ұрған". Алматыда 6 жасар балаға қол көтерген қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесі жазаланды

09:56, 27 қыркүйек 2025 75

Алматыда алты жасар балаға қол көтерді деп айыпталған қалалық қоғамдық кеңестің бұрынғы мүшесіне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы  Alash.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды.

Оқиға 2025 жылдың 4 мамырында Алматыдағы мейрамханалардың біріндегі балалар ойын бөлмесінде болған. Ер адам өз баласына ойыншық шар абайысызда тиіп кеткені үшін алты жасар баланы екі рет ұрған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Жәбірленуші баланың анасының айтуынша, ер адамның әрекеті балаға ауыр соққы болған. Кейіннен ер адамның Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі екені белгілі болды, алайда даудан кейін ол өз өкілеттігін тоқтатқан.

Іс Медеу аудандық сотында қаралды. Бұл туралы адвокат Жанна Оразбақова мәлімдеді. Адвокаттың айтуынша, айыпталушы сотта өз кінәсін мойындамаған.

Сот жиналған дәлелдер мен сарапшылардың қорытындыларына сүйене отырып, ер адамды кінәлі деп таныды. Айыпталушыға 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленуші тараптың талап арызы қанағаттандырылып, айыпталушыдан адвокат қызметі мен медициналық тексеруге кеткен шығындар өндірілді

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар