Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шампурь тығып өлтірген: Жас түлектердің қатесі үшін директор жұмыстан қуылды

18:00, 28 мамыр 2025 5049

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің хабарлауынша, күдікті кәмелетке толмаған сыныптасы қамауға алынды, ал мектеп директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы ALASH.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап мәлімдейді.

"Нақты айтқанда, мектеп директоры қызметінен босатылды. Ал директордың орынбасары мен екі сынып жетекшісіне қатаң сөгіс берілді", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, тергеушілер Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына (Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыну) сәйкес жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс жолдаған.

"Барлық мән-жай тергеу барысында анықталады", – деді ішкі істер министрлігінің орынбасары Санжар Әділов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар