Костенко шахтасындағы жарылыстан кейін апелляциялық сот шешім шығарды, деп хабарлайды Alash.kz.
Қарағандыда Костенко шахтасында болған жарылысқа қатысты істі қараған апелляциялық сот бірінші инстанция үкімін өзгеріссіз қалдырды. Оқиға салдарынан 46 шахтер қаза тапқан болатын.
Сот алқасы шахтаның басшылығы мен техникалық мамандарға қатысты қылмыстық істі қарап, айыпталушылар мен олардың қорғаушыларының шағымдарын талдаған соң, бірінші инстанция шешімінің заңды күшінде қалатынын мәлімдеді.