Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шабуылды тоқтатпасаң еліңнен де, тұрғындардан да түк қалмайды! - ТРАМП

08:27, 15 шілде 2026

Иран АҚШ-тың Кувейт пен Бахрейндегі әскери нысандарына соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Кувейттегі Мина-Абдалла ауданында орналасқан АҚШ Қарулы күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталығына соққы жасағанын мәлімдеді.

Бұл туралы Иранның мемлекеттік IRIB телерадиокомпаниясы мәлімдеді.

Сонымен қатар, Иран тарапы Бахрейндегі АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Бесінші флотының басқару орталығы мен әскери қоймаларына да шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Айтуларынша, бұл соққы «Наср-2» операциясының төртінші кезеңі аясында жүзеге асырылған.

Бұған дейін АҚШ Иран аумағына жаңа әуе соққы жасап, Тегеранмен келіссөздердегі ұстанымын күшейту мақсатында Иранның теңіз порттарына қатысты блокаданы қайта енгізген болатын.

Сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатаң ескерту жасап, келісімге келуге шақырды.

«Келісімге келгендеріңіз дұрыс болады. Әйтпесе, елдеріңізден ештеңе қалмайды, тұрғындарыңыз да опат болады», – деген болатын АҚШ президенті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар